Медициналық оңалту бөлімшесі

 Адам ауруларын емдеу  тәсілдері, әдістері және амалдары алуан түрлі. Адам денесіне әсер ететін дәрілермен  қатар табиғи (климат, ауа, күн, су) және жасанды емдіқ физикалық факторлар кең қолдануда.  

Физикалық факторлардың емдік қасиеттерін емдеу және аурудың алдын алу, сондай-ақ медициналық оңалту мақсатында пайдаланады.

Физиотерапиялық емшаралардың адам денесіне әсері әртүрлі: ауырсыну  басылады, ағзалардың секреторлық және моторлық қызметтері қалыптасады, қабыну процестері бәсеңдейді, жасаушаның жазылу процестері күшейеді, орталық және вегетативтік жүйке жүйесінің жұмыстарын жақсартады.

Физиотерапиялық емшаралар медициналық оңалту мақсатын арттыра отырып, адам дене мүшелерінің қызметін қалпына келтіреді. Физиотерапиялық емшаралардың адам ағзасына теріс әсері өте аз. Қолдану әдістері қарапайым.

 
Медициналық оңалту бөлімшесінің дәрігерлері:

 Бөлімше меңгерушісі - Қалменов Әмірбек Сейдалыұлы, мануалды терапия дәрігері.

Диханбаев А.М.- бірінші саннатағы стоматолог
Наурызбаева Г.Б. -физиотерапевт дәрігері

 
Орталықта қолданылатын физиотерапиялық емшаралардың түрлері:

 Гальванизация - төмен кернеулі (30-80 В) және кем қуатты (50 мА дейін) үздіксіз  тұрақты электр тоғымен емдеу тәсілі.

 Дәрілік электрофорез -организмге тұрақты тоқ арқылы дәрілік заттарды енгізу. Бұл әдісте организмге (адам ағзасына) екі фактор –дәрілік зат және гальваникалық тоқ әсер етеді. Дәрілік электрофорез әдісімен адам ағзасына неше түрлі дәрілерді енгізе отырып патологиялық ошақта енгізілетін иондарға  байланысты, қабыну процестері бәсеңдейді, ауырсыну азаяды, тамыр кеңейткіштік әсері- аллергиялық сезімталдықты азайту, нәрлендіреді, сіңсіп кету әсері тырысуға бейімділікті  азайтады,  биоынталандыру  және т.б.

 Электроұйқы – төмен жиілікті импульсты  тоқпен орталық жүйке жүйесіне тікелей әсер етіп, оны тежеп науқасты ұйықтататын электротерапия әдісі. Электроұйықы терапиясы орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылғанында,  невроздарда, түнгі ұйқының  бұзылғанында, ішкі сезімнің жоғарылағында және тамыр белсенділігі артқанда түнгі несебін тоқтата алмау ауруларына қолданылады.

 Дарсонвализация – жоғары жиілікті (110 кГц) жоғары кернеулі (20 кВ) және кем қуатты айнымалы импульс тоқпен емдеу әдісі.

Дарсонвализацияның емдік әсері: ауырсынуды және дене қышуын басады, тыныштандырады, ширықтыратын, жиырлу, бактерия жасаушаларының бөлінуін тоқтатады және бактерия жасаушаларын жояды.

Магнит өрісімен емдеу әдісі – адам денесінің бір аумағына өзгермелі және дүмпулі  магнит өрісімен әсер ете отырып, зат-алмасу процестерін тездетеді, қан айналымын жақсартады, жасаушаларды қоректендіреді.

Магнит өрісімен емдеу әдісі тірек-қимыл ауруларына, невроздарда, шеткі жүйке жүйесінің қабынғанында және зақымданғанында, вегетативтік –тамырлар тонусының өзгергенінде, буын қозғалысы бұзылған және ішкі дене мүшелерінің ауруында және тамыр ауруларына қолданылады.

 Индуктотерапия -  жоғары жиілікті айнымалы магнит өрісімен емдеу әдісі.  Бұл өріс қуатының әсерінен қүйын тәрізді кіріп шығатын (индуктивті) тоқ пайда болады және оның механикалық қуаты жылуға айналады.

Индуктотермияда ұлпаларды физико-химиялық өзгерістерге түсіреді, қан тамырлары кеңейеді, қан ағысы күшейеді, қан қысымы төмендейді бұлшық еттер тонусы төмендейді, зат алмасу процестері күшейеді.

Индуктотермия сонымен қатар қимыл-тірек аппараттарының ауруларына, жарақат алғанда, ішкі органдардың жаңадан қабынған және созылмалы қабыну кезінде қолданылады.

 Ультрадыбыспен емдеу    

Ультрадыбыс бұл тығыз физикалық ортаның жиілігі 20 кГц-тен жоғары серпінді механикалық тербелістері, яғни толқындары ұзына бойлап  таратын және ортаның жиерлуы мен созылуына алып келетін жиіліктердің жоғары дыбысты окустикалық диапазоны. Ультрадыбыстың организм ұлпаларына терең енуі үшін ультрадыбыс тербелістерінің жиілігі мен оған байланысты толқын ұзындығы маңызды.

Ульрадыбыстың жаңа әдісі –дәрілік заттардың ультрафонофорез  деп атанылады.

Улбтрадыбыс терапиясы орталық және  жүйке жүйесінің ауруларына, омыртқа зақымданғанда, жұлын ауруларында, отадан кейінгі тыртыққа, инфильтраттарды, буын  ауруларына, ішкі ағза ауруларын емдеуге қолданылады.

 Биоптрон жарығымен емдеу әдісінде поляризацияланған жарықтық толқыны ультракүлгін спектрінсіз  қолданылады.  

Ол зат-алмасу процестерін күшейтеді, иммунитетті көтереді, организмді ширатады және қалыпқа келтіреді, рецепторға әсер ете отырып ұсақ қан тамырларының жұмысын жақсартады.

 Ингаляциялық емдеу – ауаны ішке тартқанда, сұйық немесе қатты дәрілік заттар газ күйінде тыныс алу жолдарының шырышты қабықтарына сіңіріліп, оның қанға өтуі өкпе ұлпасына әсер етеді.

Ингаляциялық емдеу әдісі жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынғанына, бронх қабынғанда, кеңірдек қабынғанда, көмей қабынғанда, мұрын-жұтқыншақ баспа, өкпе және бронх қабынғанда қолданылады.

 Сумен емдеу емшаралары.

 Сумен емдеу мақсатында табиғи сулармен (өзен, көл, су құбыры) қатар дәрілік заттар қосылған сулар қолданылады.

Судың емдік әсерін оның жылулық (термиялық) және механикалық (гидростатикалық) факторлары қамтамасыз етеді.

Судың жылу әсері дәрежесі оның температурасына байланысты.

Сумен емдеу емшаралары суық (200 С дан төмен) салқын (20-330 С)  индифференті (талғаусыз) (34-360 С), жылы (37-390 С) және ыстық (400 С тан жоғары) болып бөлінеді.

Суық емшаралар рефлакторлы механизмі бойынша вегетативті жүйке жүйесінің зат алмасу қарқындығын өзгерте отырып, ішкі ағзалар қызметін реттейді, организмді шынықтырады.

Индифореренті су емшаралары организмді тыныштандырады, қан қысымын төмендетеді, жүрек соғуын баяулатады.

Жылы және ыстық су алдымен терідегі қан тамырларын қысқа уақытқа тарылтады, сонан соң   кеңейтіп гиперемия пайда болады, тер бөлінуі күшейеді, тамыр соғу мен тыныс алу жылдамдайды қан қысымы төмендейді. Ішкі ағзалардың бұлшық еттері босаңсыйды, бездердің секреторлы қызметі жоғарылайды, орталық жүйке жүйесін тыныштандырады.