ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН
САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және
отбасы институтына, адам денсаулығына қатер төндіреді.
Олардың жақтастары:
- Қазақстанда тұратын барлық этностардың ұлттық
құндылықтары мен салт-дәстүрлерін (Наурыз мейрамын тойлауды,
қазақ халқының «бет ашар», «сәлем салу» салттарын, өмірден озған
жандарға Құран бағыштауды және т.б.) жоққа шығарады;
- зайырлы мемлекеттерге және зайырлы өмір сүру салтына
қарсылық танытады;
- мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік мерекелерді
құрметтемейді;
- мазхабтарды (Орталық Азияда және мұсылман әлемінің
басқа да аймақтарында орныққан діни мектептерді), оның ішінде
Қазақстанның көпшілік мұсылмандары ұстанатын ханафи мазхабын
жоққа шығарады;
- дәстүрлі исламды ұстанатын мұсылмандарды күпірлік
жасайды да айыптайды, өзге діндердің өкілдері мен дінді ұстанбайтын
адамдарға төзімсіздік танытады;
- заманауи мәдениет және өнер түрлеріне (музыка, балет,
бейнелеу өнері және т.б.) өшпенділік танытады;
- заңда белгіленген міндеттерді (әскерде қызмет ету, міндетті
орта білім алу және т.б.)орындаудан бас тартады;
- медициналық рәсімдердің кейбір түрлерінен (қан құю,
вакцинация, ағза мүшелерін трансплантациялау және т.б.) бас тартады;
- білім мекемелеріндегі жекелеген пәндерге (биология, дене
шынықтыру, ән-күй, сурет салу және т.б.) қатыспауға шақырады.
ҚР ДІАҚМ Дін істері комитеті