Жамбыл облыстық оңалту орталығы

Біз , Сіздерді Жамбыл облыстық оңалту орталығының сайтында қарсы алуға қуаныштымыз. Бұл сайт біздің оңалту орталығымыз туралы айтып береді, оның беттерінде көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат және сіз үшін басқа да пайдалы ақпараттар бар.
Жамбыл облыстық "Ана мен баланы аялау" орталығы 1996 жылдың 10 сәуірінде С.А. Назарбаеваның қатысуымен жүкті әйелдер мен балаларға, 6 жасқа дейінгі балаларды күту бойынша аналарға, негізінен шалғайдағы ауылдық аудандардан, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан емдік, оңалту көмегін көрсету үшін ашылған.
ҚР ДСМ 27.12.2013 ж. № 759 "ҚР халқына медициналық оңалтуды көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (01.01.2020 өзгерістерімен жаңартылған). ҚР ДСӘДМ 07.10.2020 ж. бұйрығы № КР ДСМ-116/2020 "медициналық оңалтуды көрсету қағидалары" (25.08.2022 өзгертулермен жаңартылған) Жамбыл облыстық оңалту орталығында ересектер мен балалар үшін 2-ші және 3-ші кезеңіндегі "Неврология және нейрохирургия", "Травматология және ортопедия", "Кардиология және кардиохирургия", ересектер үшін «Постковидті пульмонология», балалар үшін "Соматика" жалпы 270 төсек орынды, оның ішінде: ересектер үшін 200 төсек орны, балалар үшін 70 төсек орынды негізгі бейіндері бойынша оңалту көмегін көрсетеді.
2020 жылдың қаңтар айынан бастап Орталық қызмет түрін жүзеге асыра бастады: сауықтыру, қалпына келтіру, мүмкін болатын бұзылуларды түзету және (немесе) зақымданған органның немесе ересектер мен балалардың мүгедектер жүйесінің жоғалған функцияларын өтеу, ықтимал мүгедектіктің алдын алу және дәрежесін төмендету, емдеудің алдыңғы кезеңінен оң динамиканы бекіту және өмір сапасын жақсарту, пациентті күнделікті және жұмыс қимыл белсенділігіне бейімдеу, пациент пен оның жақындарына психологиялық көмек көрсету.
Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 137 хаттамалық тапсырмасы негізінде, денсаулық сақтау басқармасының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 542 –ө бұйрығына сәйкес оңалту көмегіне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Жамбыл облыстық оңалту орталығында Саңырақ батыр көшесі, 57 мекенжайы бойынша "Атлетик" спорт кешенінің базасында covid-19 пандемиясы кезінде ауырып жазылған ересек тұрғындарға 3-ші кезеңде оңалту көмегін көрсететін постковидтық оңалту бөлімшесі ашылды.
2021 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің № 72 қаулысы негізінде Жамбыл облыстық «Ана мен баланы аялау» орталығы, "Жамбыл облыстық оңалту орталығы" болып қайта аталды. Осыған байланысты жұмыстың профилі халыққа оңалту қызметтерін көрсетуге бағытталған.
Телефондар
Анықтама қызметі | 46-43-66 46-44-57 |
Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі | 46-43-66 |
Бас дәрігердің орынбасарлары | 46-50-32 |
Сенім телефоны | 555-488 |
ЖАҢАЛЫҚТАР

Пациент алғысы

ӘМСҚ

Пациент алғысы

Біз трендтеміз

Дүниежүзілік гипертонияға қарсы күрес күні

Хабарландыру! 15.05.2023 ж.

15 Мамыр - Халықаралық отбасы күні

12 Мамыр – Халықаралық мейірбикелер күні!

9 мамыр - Жеңіс күні!

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

5 Мамыр - Дүниежүзілік қол гигиенасы күні

Инновации проведенные в ноябре в Областном ребилитационном центре «М и Д»